Бексұлтан Құлмырза алтын, Ғалымжан Смағұлұлы күміс жүлдеге қол жеткізді.
Астанада өтіп жатқан парадзюдодан әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні ел қоржынына бес медаль түсті. J2 санатындағы 81 келі салмақта қос отандасымыз өзара чемпиондық атақты сарапқа салды. 3 минут 11 секундқа жалғасқан тартысты белдесуде Бексұлтан Құлмырза қарсыласын таза жеңді. Сондай-ақ аталған санат бойынша Ерғали Шамей, Айназ Құралова Даяна Федосова үздік үштіктен көрінді.
Айта кетейік, жаһандық додада 10 салмақ жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер 70, 81, 95, 95 келіден жоғары салмақта белдессе, әйелдер 52, 60, 70, 70 келіден жоғары салмақта жүлдеге таласады. Сондай-ақ Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада салмағына кірмейтін 2 салмақта жүлде сарапқа салынады.