Регбиші қыздар Фукуокадағы Азия біріншілігне сақадай сай

  • 57
  • 14.05.2025, 18:42

Жапония астанасы Фукуока қаласында регбиден қыздар командалары арасындағы Азия біріншілігі басталады.

Құрлықтық дода регби-15 ережесі бойынша, яғни 15 ойыншыдан тұратын командалар 40 минуттан екі тайм сынға түседі. 

Махаббат Туғамбекова жаттықтыратын Қазақстан құрамасы осы жарысқа жан-жақты дайындық жүргізді. Грузияға барып Кутаиси қаласында жолдастық кездесулер өткізді. Қазақстан қыздар құрамасы Азияның 5 дүркін чемпионы. Бірақ 2014-ші жылдан бері алтын медальдың ауылына бара алмай жүр. Осы жолы шың басына шықсақ, - дейді. Басты қарсыластары Жапония мен Гонконг.