Біраз уақыт бұрын балалар баскетболын дамыту мақсатында «Әлжан» оқушылар лигасы қолға алынған болатын. «Қазір жарысқа қатысамын деушілердің қатары жылдан жылға артып келеді»,–дейді мамандар. Биылғы турнирге 150 ден аса команда тіркеліп, іріктеу кезеңінде ірілік танытқан 18 команда суперфиналға жолдама алған болатын. Өткен аптада Хромтау қаласында Ақтөбе мен Рудный, Лисаковскі мен Кереку, сондай-ақ Семей мен Жітіқара өрендері өз ара шеберлік байқасып жеңімпаздарды анықтады. 6-7-ші сынып оқушыларының сайысында Керекудің Ертісі ешкімге берген жоқ. 8-сыныптар арасында Ақтөбеліктердің асығы алшысынан түссе, қыздар арасында Кереке мен Рудный баскетболшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Ел футболындағы азулы деген «Астана» мен «Қайрат» Қазақстан кубогінің ширек финалында сүрінді. Осылайша кеше жартылай финалға жолдама алған 4 мықты анықталды. Ордабасы Қайраттың жолын кесті. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы Жоао Паулино. Ал атағынан ат үркітен Астана Жеңіске жеңісті сыйлай салды. Дәлірек айтсақ, негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түскен қарсыластар пенальтиге жүгінді. 11 метрден Жеңіс ойыншылары мүлт кетпеді. Сондай-ақ Қызылжар Елімайды, Тобыл сырт алаңда түркістандық Тұранды тізе бүктірді. Енді жартылай финалда Қызылжар мен «Ордабасы, Тобыл мен Жеңіс ойнайды. Айта кетейік, ел кубогінің жеңімпазы 2026 жылы өтетін Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.
Жандос Айтбай