Шри-Ланканың Коломбо қаласында Дүниежүзілік әскери спорт ұйымының 80-ші конгресі басталды. Аталған шарада CISM-нің жыл басынан бері атқарған жұмыстары жан-жақты талқыланып, алдағы уақытқа жоспар жасалды. 141 елден келген әскери қызметкердің арасында қазақстандық делегация да бар. Осы ұйымға мүше атанғалы әскери спорттағы жетістіктерімен және СИЗМ саясатын жүзеге асыруда Қазақстан жоғары беделге ие болды.
Спорт арқылы әлем әскерлерінің достық қарым-қатынасын нығайтып, бірлік пен татулыққа үндеу мақсатында құрылған СИЗМ қазір ХОК тан кейінгі ықпалды ұйымдардың бірі. Қазақстан бұл ұйымға 1993 жылдан бері мүше. Дүниежүзілік әскери спорт ұйымының 20-шы конгресі бүгін ресми түрде ашылды.
Арман Әбеуов, ҚР Қорғаныс министрлігі спорт комитетінің төрағасы:
-Бүкіл әлемдік әскери конгресс бүгіннен басталды. Бір аптаға созылады. Әртүрлі тақырыптар талқыланып, сұрақтар шешіледі. Ал Қазақстан делегациясының өз миссиясы бар.
Иә, Қазақстан делегациясының басты миссиясы төл спортымызды дәлірек айтсақ қазақ күресін СИЗМ спорттық бағдарламасына енгізу. Алғашқы қадамдар жасалды. Тамыз айында Астанада қазақ күресінен тұңғыш рет әскерилер арасындағы әлем чемпионаты ұйымдастырылады.
О Ёнг Де, Оңтүстік Корея Республикасы Қорғаныс министрлігі жоспарлау бөлімінің басшысы:
-Корея мен Қазақ елі әскерилер арасындағы спорттық қарым-қатынасты нығайту жөнінде бірқатар келісім жасастық. Қазақ күресінен Астанада өтетін әскерилер арасындағы әлем чемпионаты өте жоғары деңгейде өтеріне сенімім мол.
Дәл осы конгрессте Ұйымның Азия аймағы директорлар алқасының сайлауы өтеді. Қазақстандық делегация атынан спорт коммитетінің төрағасы Арман Әбеуов бақ сынауға бел буып отыр. Конгресстің шымылдығы түрілді. Алда әлі төрт күндік жұмыс бар. Қазақстандық мамандар әлем елдерінің алдында сөз алып, төл күресіміздің қыр-сырын жан-жақты таныстырады. Шеберлік сабағын өткізеді. Сайлауға түскелі отырған Арман Сайлауұлына сәттілік серік болсын дейміз.
Жандос Айтбайұлы