Алматы облысы Нарынқол ауылында республикалық турнир өтті. 300-ге жуық жас балуан белдескен байрақты бәсеке ақиық ақын Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналды. Боз кілем шеберлері 9 салмақ дәрежесінде өзара үздігін анықтады.
Барыс Темірхан, турнир жеңімпазы:
-Болашақта дзюдо күресінен күресіп, Олимпиада чемпионы болғым келеді. Әлем чемпионы, азия чемпионы болып, сырт мемлекеттен орын алып келу, Қазақстанның туын көкке желбірету - ол әр қазақ азаматының абыройы және мақтанашы болып саналады ғой.