Түркістанда студенттердің жазғы универсиадасы жалғасып жатыр. Осымен 13-ші рет ұйымдастырылып отырған шараға еліміздегі 76 жоғарғы оқу орнынан 4 мыңнан астам білім алушы қатысуда. Олар спорттың 17 түрінен сынға түседі.
Жазғы Универсиаданың ашылу салтанаты 16 мамырда «Түркістан Арена» орталық стадионында өтсе, жабылуы 13 маусымда «Olympic Center» спорт кешеніне жоспарланып отыр.
Спорттық іс-шаралардың өзі Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің аумағында және Түркістан қаласының заманауи мамандандырылған спорт кешендерінде өтіп жатыр.
Универсида барысында 800-ден астам медаль мен 100-ден аса кубок сарапқа салынады. Кейбір спорт түрлері бойынша жеңімпаздар белгілі. Атап айтсақ, волейболшы қыздар сайысында Жетісу мемлекеттік университеті топ жарды. Олар финалда Қазақ спорт және туризм академиясынан басым түсті.
Жандос Айтбай