Венгрия астанасы Будепешт қаласында дзюдодан дүниежүзілік жарыс басталды. Енді алты күн бойы жанкүйерлер 93 елден келген 600-ге жуық мықтының өнерін тамашалайды.
Әлем чемпионатына 12 салмақ дәрежесі бойынша қазақ елінің ұл-қыздары да барды. Жарыстың бірінші күні татамиге төрт спортшымыз шықты. Өкінішке қарай 48 келі салмақта Ғалия Тынбаева алғашқы айналымда-ақ сүрінді. Ол голландиялық Эмбер Херсэйсқа есе жіберіп қойды. Ал дәл осы салмақта Әбиба Әбужақынова орыс қызы Марина Воробьеваны голден скорда ұтып, Әлем чемпионатын жеңіспен бастады.
Сондай-ақ Мағжан Шамшидин де алғашқы кездесуінде америкалық Дэвид Тереодан басым түсті.