Көркем гимнастикадан Болгарияның София қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Ақмарал Ерекешова ерекше өнерімен көзге түсті. Қазақ қызы екі бірдей жаттығуда алдына жан салмай алтын медаль алса, оған қоса күміс жүлдесі тағы бар. Бұл қазақ көркем гимнастикасының тарихында бұрын-соңды болмаған нәтиже. Ерекешова доппен жаттығуда 26150 ұпай жинаса, таспамен де тамаша өнер көрсетіп топ жарды. Шығыршықта да шеберлік танытқан. Бірақ бұйырғаны күміс болды. Меруерт Балғынбаеваның қол астында жаттығатын Ақмаралдың алар асу әлі алда деп болжаймыз.