Осы аптада Астанада бокстан келісті жарыс басталады. Яғни әлем кубогы жолындағы жарыстың жалауы желбіреп, 30-ға жуық елдің былғары қолғап шеберлері шаршы алаңға шығады.
Қазір жарысқа қатысушы елдердің біразы Астана қаласына табан тіреп үлгерді. Олар АҚШ, Канада, Франция, Сербия, Словакия, Швеция, Швейцария, Финляндия, Германия және Әзербайжан құрамалары. Қазір осы елдің былғары қолғап шеберлері қазақ боксшыларымен бірлескен дайындық жүргізуде.
Айта кетейік, біздің ел алғаш рет World Boxing ұйымының дүнижүзілік додасын қабылдағалы отыр. Байрақты бәсекенің 30-маусымда басталып, 7-шілдеге дейін жалғасады. Жарыс елорда төріндегі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Келіп, қыз-жігіттерге қолдау көрсетем деушілерге есік ашық.