Елдос Сайдалин жетекшілік ететін ұлттық құрама өкілдері дәл қазір Алматы облысы Жанашар ауылында дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр.
Қазақ қыздарымен бірге Ресей мен Жапония және Нигериялық боксшылар да тер төгіп жүр. Бірлескен оқу-жаттығу жұмыстарының берері мол. Дайындық жоспарға сай өтіп жатыр. «Біздің мақсат – жалпы командалық есепте топ жару», - дейді Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері.
Енді былғары қолғап шеберлері Астанаға ат басын бұрады. Жексенбі күні әлем кубогының жалауы желбірейді. 7 шілдеге дейін жалғасатын жарысты елорда төріндегі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына барып тамашалай аласыздар.