Бүгін Астанада бокстан әлем кубогі жолындағы турнир басталды. Бұл World Boxing ұйымының біздің елде өткізіп отырған алғашқы жарысы. Дәл қазір осы байрақты бәсекенің басы-қасында жүрген тілшіміз Жандос Айтбайұлы бізбен тікелей байланыста. Жарыс қалай өтіп жатыр? Қазақ боксшыларының аяқ алысы қалай?