Бұл ел өңірлерінен келген командалар арасындағы тұңғыш чемпионат.
Топтардағы ойыншылардың саны төрт мыңнан асады. Іс-шара барысында жарыс кестесі, чемпионат форматы және ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.
Давид Лория, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы:
- Әуесқой командалар арасындағы футбол чемпионаты елдің барлық өңірін қамтиды және «11-де 11» форматында өтеді. Негізі үш кезең бойынша өткізуді жоспарлап отырмыз. Ал ақтық ойындар қазанның 1 мен 10 аралығында ұйымдастырылады. Бұл футболдың дамуына зор серпін береді деген үміттеміз.
Чемпионат жеңімпазы Қазақстан кубогына да қатысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ халықаралық дәрежеде өнер көрсетуге жолдама берілуі мүмкін.
Әнуарбек Мырзатайұлы