Қонаев қаласында панкратионнан төртінші республикалық ашық турнир басталды.
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, үш дүркін Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған жарысқа 8 бен 17 жас аралығындағы жүз шақты спортшы қатысты. Байрақты бәсеке «Спорт нашақорлыққа, терроризм мен лудоманияға қарсы» деген ұранмен басталды. Бұл жолғы дәстүрлі республикалық ашық турнирде Алматы облысы мен Алматы қаласының өрендері тамаша өнер көрсетті.
Ернұр Қайрат, жарысқа қатысушы:
- Мен бұл спортқа 2019 жылы келдім. Бұл жарыс өте мықты деңгейде өтіп жатыр. Қарсыласым әлсіз біреу емес, мықты. Өте қиын болды.
Талғат Ибрагимов, Алматы облыстық панкратион федерациясының президенті:
- Дінмұхамед Қонаевты еске алатын республикалық турнир кіші жастар арасында өтеді, 8-9, 10-11, 12-13 және 16-17 жас арасында өтеді. Балалардың дайындығы, кішкентай балалар енді-енді пісіп жатыр, жарысқа сол үшін алып келіп жатырмыз. Қатысушылар арасында әлем чемпионатының жүлдегерлері, ҚР Чемпиондары бар.