Елордада Жұмысшы мамандықтарының жылына орайластырылған «Самұрық-Қазына» 10-шы республикалық Спартакиадасы басталды. Бұл дәстүрлі шараға Қазақстанның әр бұрышындағы компания бөлімшелерінен 1,5 мыңнан астам қатысушы жиналды. Жарыстар спорттың бірнеше түрі бойынша өтіп жатыр. Атап айтсақ, футзал мен волейбол және баскетбол сияқты командалық сайыстардан бөлек, үстел теннисі, жүзу, шахмат, садақ ату сияқты жекелей жарыстар да бар. Спартакиаданыңк іріктеу кезеңі жекелеген компаниялар негізінде өткізілді. Іріктеуден іркілмей өткендер Суперфиналда бақ сынайды. Ал жеңімпаздар 10 тамызда белгілі болады.