Футзал: Қазақстан Еуроға жолдама үшін Италиямен кездеседі

  • 9
  • 11.08.2025, 18:40

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына берілер соңғы жолдаманы Италиямен сарапқа салады.

Италия осал қарсылас емес. Құрамында тәжірибелі ойыншылар жетіп артылады. Дегенмен қарымта ойын біздің алаңда өтетіні қуантады. "Бірақ алғашқы ойында да жеңіске жету үшін аянып қалмаймыз", - дейді ұлттық құрама бапкері Кака. Алғашқы ойын 18-ші қыркүйекте Италияның Фазано қаласында, қарымта ойын 23-ші қыркүйек Астанада өтеді.

Естеріңізге салайық, құрлықтық дода келер жылдың 20-шы қаңтары мен 7-ші ақпаны аралағында Латвия мен Литвада өтеді.