Астанада мүгедектігі бар жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылады

  • 11
  • 13.08.2025, 18:57

Астанада мүгедектігі бар жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылады. Ол «Бірлік жүгірісі» қайырымдылық марафоны кезінде жиналған қаражат есебінен салынған. Жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен жүзеге асты. Жауаптылардың айтуынша, бұл бастама мүмкіндігі шектеулі жандардың салауатты өмір салтын ұстануына негіз болады.