Ертең Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде тұңғыш рет әскерилер арасында төл өнеріміз қазақ күресінен әлем чемпионаты басталады. Төрт құрлықтың басын қосқан байрақты бәсеке екі күнге созылып, палуандар 16 салмақта сынға түседі. Дәл қазір жарыстың жеребе тарту рәсімі өтіп жатыр. «Қазақстан» кешенінен спорт шолушымыз Жандос Айтбайұлы бізбен тікелей эфирде. Осынау дүбірлі додада ел намысын кімдер қорғайды?