Ертең Астанада есімдері елге танымал спорт майталмандары бас қосады. Олар алғаш рет ұйымдастырылғалы отырған республикалық форумға қатысып, спорт ардагерлері одағының жұмыс-жоспарларын белгілейді. Жиынға ел өңірлерінен 100-ден аса өкіл жиналмақ. Олардың арасында олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары және елге еңбегі сіңген жаттықтырушылар бар. Сондай-ақ ардагерлер арасында асық ату, үстел теннисі, бильярд және шахматтан сайыс өтеді. Іс-шара туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылмақ.
Елсияр Қанағатов, «Қазақстандық спорт ардагерлері одағы» РҚБ төрағасы:
-Біздің филиалдарымыз ашылады. Солар арқылы мүшелікке қабылданады. Мүше болу үшін біздің жарлығымызға сәйкес, кем дегенде спорт шебері болуы керек. Кем дегенде елімізге, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы болуы керек. Республика деңгейінде төреші болуы керек және 50-ден жасы жоғары болуы керек.