Қазақ күресінен әскерилер арасындағы тұңғыш әлем біріншілігі мәресіне жетті. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде 25 елдің әскери палуандары бақ сынап, 16 салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындарды өзара бөлісті. Жарыстың қорытындысы жайлы толық ақпаратты тікелей эфирге шыққалы тұрған әріптесіміз Жандос Айтбайұлынан білсек. Жандос сөз тізгіні өзіңде.