Талғарда көкпардан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі өтіп жатыр

  • 25
  • 20.08.2025, 18:59

Алматы облысы Талғар қаласында көкпардан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі өтіп жатыр. Әзірше Түркістан мен Жамбыл және Алматы облысының қарқыны күшті. Топтық кезеңде Түркістанның тақымды жігіттері қарсыластарын бет қаратпай ұтты. Нақтырақ айтсақ, Атырауды 17:1 есебімен ұтса, Шымкентті 14:1 есебімен жеңді. Жамыл жастары да жалындап тұр екен, Қарағанды мен Қостанайды ірі есеппен тізе бүктірді. Алаң иелерінің аяқ алысы жаман емес. Алматылықтар Маңғыстаудан келген көкпаршыларды 8:0,қызылордалықтарды 10:1 есебімен қапыда қалдырды. Батыс Қазақстан облысының жас көкпаршылары да жақсы дайындықпен келіпті. Олар Жетісу және Ұлытау командаларын ұтып финалдық кезеңге қарай аяқ басты. Топтық кездесулер осымен тәмам. Енді нағыз мықтылардың айқасы басталады. Жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінің жеңімпазы ен жүлдегерлері 23 тамызда белгілі болады.