Алғашында 20 іріктеу туры ұйымдастырылып, оған ел бойынша 3 мыңнан астам әуесқой шахматшы қатысты. Екінші кезеңде өңірлерлер бойынша 5 жартылай финал өтті. Енді іріктеуден сүрінбей өткен 215 ойыншы финалда бақ сынамақ.
Турнирдің ашылу салтанатына Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, биыл шахматты дәріптеу мақсатында мектеп бағдарламасына «Шахмат негіздері» пәні енгізілді. Ол алдағы уақытта 60 мыңнан астам оқушыны қамтиды деп жоспарланып отыр.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Соңғы жылдарда елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамасымен шахматты дәріптеуге үлкен мән беріп келеді. Соның аясында шахматты дамытуға арналған 2027 жылға дейінгі кешенді жоспар қабылданды. Басқа да ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Парламент Сенаты мен Қазақстан шахмат федерациясы бірлесім ұйымдастырған осы турнир де маңызды қадамдардың бірі. «Senat Open» сайысы осымен 2-ші жыл қатарынан өткізіліп отыр.