Қазақ боксшылары Ливерпульге барды

  • 24
  • 02.09.2025, 19:52

Ағылшын сапарының алдында Қайрат Сәтжанов шәкірттері Алматы облысы Жаңашар ауылында тер төкті. Осылайша дүбірлі дода қарсаңында қыз-жігіттер аянып қалған жоқ. Енді барлығын шаршы алаң көрсетеді. Бұл World Boxing ұйымдастырып отырған алғашқы әлем чемпионаты. Бокс жанкүйерлері сұрапыл жекпе-жектерге куә болады деген ойдамыз. Өйткені әлемнің әр бұрышынан кіл мықтылар келіп жатыр. Қазақ жігіттерінің де осалы жоқ. Ұлттық құрама сапында жалынды жастар мен тәжірибелі жігіттер де бар. Ал кімнің бабы мен бағы қатар шабарын шаршы алаң көрсетеді. Ең бастысы қазылар қара қылды қақ жарып әділ бағасын берсе дейміз.