13 қыркүйекте Қызылорда қаласында 11 мың орындық алып стадион ашылады. Жоба құны 126,5 млрд теңге. Нысан жыл бойы жұмыс істейді деп жоспарланған. Кешенде бокс, гимнастика, күрес, таэкхвандо, ауыр атлетика, фитнес залдары бар. Жалпы нысан халықаралық стандарттарға сай салынған. Қызылорда облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаевтың айтуынша, стадионда футболдан Қазақстан кубогының финалдық кездесуі өтеді деп жоспарланған.
Бахтияр Артаев, Қызылорда облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы:-Стадионның ерекшелігі жасыл алаңы UEFA талаптарына сай, заманауи төменіштермен жабдықталған және соңғы үлгідегі жарықтандыру жүйелері орнатылған. Бұл өз кезегінде әлемдік додалар мен мәдени спорттық іс шараларды жоғары деғңгейде өткізуге мол мүмкіндік беретін болады.