Футбол жанкүйерлері асыға күтіп жүрген «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері әлі сатылымға шыққан жоқ. Сондықтан қалалық полиция қызметкерлері алаяқтардан абай болыңыз деп ескертеді. Құқыққорғау органдарының мәліметінше, ойын қарсаңында әлеуметтік желілерде билет сатамыз деген адамдар пайда болған. Жалған билетпен матчқа кіре алмай қалуыңыз мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін полиция билеттерді тек клубтың ресми кассаларынан және лицензиясы бар таратушылардан сатып алуға кеңес береді. Айта кетейік, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайраттың» алғашқы кездесуі 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Тимур Ноғайбаев, қалалық полиция департаментінің өкілі:-Бұл іс-шараға шамамен 2,5 мыңдай полиция қызметкерлері және 300-дей Ұлттық Ұланның сарбаздары қоғамдық тәртіп сақтау мақсатында осы шараға жұмылдыралады. Алаңдаушылық тудыратын жағдай ол билет сатушылар. Әлеуметтік желіде және басқа порталдарда делдалдар көп. Сол делдалдарға сеніп, жалған билеттерді алмауларыңызды сұраймыз.