Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет кезекті жеңісіне қол жеткізді. Кеше АҚШ-та өткен бокс кешінде жерлесіміз америкалық Стивен Самптерді екінші раундта нокаутқа жіберді. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын. Осылайша Бек Нұрмағанбет кәсіпқой рингтегі 15-ші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.
World Boxing ұйымдастырып отырған бірінші әлем чемпионаты мәреге жақын. Әзірше Қазақстан құрамасының сапынан 8 спортшымыз жартылай финалға жолдама алды. Енді олардың қатарына ертең Назым Қызайбай мен Санжар Тәшкенбай қосылуы әбден мүмкін. Сәрсенбілік жарыс күні кейбір боксшыларымызға сәттілік жетіспеді. Мысалы, 57 келі салмақта жұдырықтасқан Карина Ибрагимова Поляк қызы Джулия Шереметаға есе жіберді деп айта алмаймыз. Жерлесіміз алғашқы минуттардан соңғы секундтарға дейін сауатты жұдырықтасып шықты. Бірақ қазылар жеңісті Шереметаға бере салды. Сол секілді 65 келіде Ертуған Зейнуллинов өзбек Асадхуджа Муидинхуджаевға ұтылған жоқ. Керісінше Ертуған атына заты сай өнер көрсетіп, алғашқы раундтан жекпе-жек соңына дейін қарсыласына қысым жасаумен болды. Бұл жерде де төрешілер түсініксіз шешім қабылдады. Қысқасы World Boxing жаңа ұйым болғанымен төрешілер өзгермеген секілді. Енді жартылай финалға жолдама алған ұл-қыздарымызға сәттілік серік болсын дейміз. Футзал шеберлері Италияға барады
Бокстан әлем біріншілігі аяқталған соң ел назары футзалға ауады. Яғни қыркүйек айында Қазақстан құрамасының келер жылғы мәселесі шешіледі. Құрлық біріншілігіне барамыз немесе жарыстан сырт қаламыз. Осы жолы ұлттық құрама бапкері Палуо Рикардо Каканың да тағдыры шешіледі. Егер командасын Еуропа біріншілігіне шығара алса жұмысын жалғастырады, егер сүрініп жатсақ ұлттық құрама тізгінін өткізіп беруі әбден мүмкін.
Нұрсұлтан Құрман, Қазақстан футзал қауымдастығының президенті:...........-Қазақстан құрамасы Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде дайындық жұмыстарын бастап кетті. Бас бапкер барлық мықтыларды қатарға қосты. Олардың арасында Эдсонда бар. Бразилиялық легионер біраздан бері Қазақстан құрамасынан шет қалып жүрген. Осы жолы мүмкіндік алып отыр. Қақпашы Игита жарақатынан құлан таза айықпаған секілді. Дегенмен Италияға қарсы ойында алаңға шығуы ықтимал. Тіпті болмаса қосалқы құрамдағы жігіттерде осал емес.
Естеріңізге салайық футзалдан Қазақстан құрамасы келер жылғы Еуропа біріншілігіне берілер соңғы жолдаманы Италиямен сарапқа салады. Алғашқы ойын 18 қыркүйек күні Фазанода, қарымта кездесу Астанада 23 қыркүйекте Жақсылық Үшкемпіров сарайында болады.