Шорт-тректен ұлттық құрама жасақталды. Спорт жаңалықтары

  • 15
  • 18.09.2025, 19:46

Мамандар бәсекелестік артып келеді деген, бірақ тізімге қарасақ, сол бұрынғы тәжірибелі спортшылар. Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша, Әділ Галиахметов пен Нұртілек Қажығали, Мерсаид Жақсыбаев пен Глеб Иванченколар енді әлемдік жарыстарда ел намысын қорғайтын болады. Бұл жігіттердің ұлттық құрамада жүргендеріне біраз уақыт. Яғни жаңа есімдер жоқ.

Қыздар арасында да осы жағдай. Малика Ермек пен Яна Хан, Ольга Тихонова мен Алина Әжғалиева және Зейнеп Құмархандар өз орындарын ешкімге бере қоймапты. Қысқы Олимпиада қарсаңында бапкерлер тәжірибелі спортшыларға сенім артқан болар. Енді жерлестеріміз лицензиялық жарыстарда барын салып, сол сенімді ақтайды деген үміттеміз.