Футбол жанкүйерлері 23 қыркүйекті асыға күтеді

  • 10
  • 19.09.2025, 19:57

Өйткені жерлестеріміз сырт алаңда сүрінді. Дегенмен үміт үзіле қойған жоқ. Өйткені қарымта ойын біздің алаңда. Жолдама мәселесі сол жерде шешіледі. Енді бізге тек қана жеңіс қажет. Тең ойын қанағаттандырмайды. Оны ұлттық құрама мүшелері жете түсінеді деген ойдамыз. Сырт алаңдағы сәтсіздікті жанкүйерлер Біржан Оразов пен Лео және Дугластардың жоқтығымен байланыстырады. Расында тәжірибелі ойыншылардың орны ойсырап тұрды. Енді қарымта ойында жігіттер қатарға қосылуы тиіс. Жігіттер жұмыла кіріссе алынбайтын қамал жоқ. Бас бапкер Кака да шәкірттеріне сеніп отыр. Ал жанкүйерлер енді 23 қыркүйекті асыға күтеді.