Алматыда шахматтан балалар арасындағы әлем біріншілігі өтіп жатыр

  • 6
  • 22.09.2025, 20:00

Алматыда шахматтан балалар арасындағы әлем біріншілігі өтіп жатыр. «Дүниежүзілік жарысқа әлемнің 88 елінен 851 үміткер қатысуда. Бұл рекордтық көрсеткіш»,– дейді мамандар. Бұрын-соңды кадеттер арасындағы жарысқа дәл осылай көп үміткер жиналмаған екен. Шахматшылардың басым көпшілігі біздің елден екені түсінікті. Яғни қазір Қазақстанда шахматқа деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Бір ғана мысал, өткен жылдың өзінде жастарымыз әлемдік әртүрлі жарыстардан 160 жүлде жеңіп алыпты. Шахматтың пайдасы орасан зор. Жас өрендердің ой-өрісін дамытып қана қоймай, төзімділік пен табандылыққа тәрбиелейді. Алматы Балуан Шолақ сарайында өтіп жатқан дүниежүзілік дода швейцариялық жүйе бойынша 11 турдан тұрады. 6 жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер 30 қыркүйекте белгілі болады.