Досымбек Қонысбекұлы:
-Иә, бұл енді шынында тарихи сәт қой. Барсаң, көрсең, қәнеки. Бірақ онлайн платформада билет сатып алуға кезекке тұрғандардың саны 150 мыңнан асқан. Ал Орталық стадионның сыйымдылығы 23 мың. Яғни бұйырса көреміз.
«Қайрат» қорғаныста жатып алмайды. Орайын тауып, шабуыл жасайды»,– депті клубтың бас бапкері. Қазір Қайрайттың футболшылары алдағы кездесуге дайындалып жатыр. Алғашқы болып алаңға шығатын құрам әзірге құпия.
Көпшілікті қызықтырған сұрақ – алдағы кездесуде «Қайраттың» қақпасын кім қорғайды? Бұған дейін Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақаттарына байланысты қатардан шығып қалған еді. Олардың орнын басқан 18 жастағы Шерхан Қалмұрза «Спортингке» қарсы ойында көзге түскен болатын. Бірақ бүгін клуб жаттықтырушысы Уразбахтин «Реалмен» кездесуде нақты кімнің қақпаға тұратынын айтпады.
Рафаэль Уразбахтин, «Қайрат» футбол клубының бас бапкері:
-Бізде Александр Заруцкий бар. Ол бір-екі күннен кейін жаттығуға кіріседі. Сондықтан оған да үміт артып отырмыз. Темірлан ауруханадан шықты. Әзірге жағында бекітетін бір құрылғы тұр. Қазір біздің негізгі қақпашы Шерхан Қалмырза деп айта аламын. Сонымен қатар басқа жас жігіттер де бар. Менің ойымша, барлық қақпашыларға сенім артуға болады.
«Қарсыластың осал емес екені белгілі. Бірақ намысты қолдан бермеуге барымызды саламыз»,– дейді команда капитаны Әділет Садыбеков. Жанкүйерлердің көңілінен шығатын тартысты ойын көрсетуге тырыспақ. Дүбірлі додаға тыңғылықты дайындалу үшін Қазақстан Премьер-лигасындағы «Жетісу» командасымен кездесу де кейінге шегерілді. Ең бастысы, футбол әлемінде жұлдызы жанып тұрған командамен бір алаңда кездесу «Қайраттың» ойыншылары үшін үлкен тәжірибе болары сөзсіз.
Әділет Садыбеков, «Қайрат» футбол командасының капитаны:
-Ішкі атмосферамыз өте жақсы. Әрқашанда біз бір-бірімізге көмек көрсетіп және де алдағы ойынға мықты жоғары қарқынмен дайындалып жатырмыз. «Реал Мадридтың» барлық игроктары өте мықты. Ойыншылары жоғары деңгейде әрқашанда. Сондықтан да біз өзіміздің жоспарымызды құрып, тактикамызды құрып, ойдағы жоспарларымызды орындаймыз деген ойдамын.
Тарихи матчқа Орталық стадион да сақадай сай. Backstreet Boys тобының концертінен кейін-ақ УЕФА мамандары келіп дайындық барысын бақылауда. Қонақтарға қолайлы болу үшін 1500 орындық ауыстырылған. Қалған спорттық инфрақұрылым УЕФА-ның үдесінен шығып отыр.
Ерлан Адамбеков, Орталық стадионның басқарушысы:
-Тарихи матчқа Орталық стадион толық дайын. Барлығы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Біздің алаң УЕФА-ның төртінші категориясына сай келеді. Ол дайын. Күн сайын, тәулік бойы біздің мамандар жұмыс істейді – суарады, шөп егіп, шауып тұрады. Бүгін стадионда УЕФА мамандары болды, олар жақсы баға берді.
«Қайрат» пен «Реалдың» ойынына 5 күн қалды. Дүбірлі дода 30 қыркүйек күні кешкі 21:45-те басталады.
Гүлжан Көленқызы, Валентин Лобанов