Almaty Marathon-2025 рекорд жаңартты

  • 9
  • 29.09.2025, 19:55

Орталық Азия бойынша ең ірі спорттық шараның бірі Almaty Marathon – 2025-ке қатысушылардың саны рекордтық деңгейге жетті. Жарысқа 60 мемлекеттен салауатты өмір салтын насихаттап жүрген  16 мыңнан аса адам жиналды. Олар 10-нан 42 шақырымға дейінгі қашықтыққа жүгіріп, өз мүмкіндіктерін сынап көрді. Қазақстандық Kaspi.kz компаниясы бірнеше жыл қатарынан осы ауқымды спорт додасына қолдау көрсетіп келеді.

Жүгіру бағыты Республика алаңынан басталып Әл-Фараби даңғылы бойымен өтті. Марафонға қатысушылар асқар Алатауды бетке алып, Тұңғыш Президент саябағы, Ботаникалық бақ сияқты  қаланың тарихи маңызы зор көрікті орындарының тұсынан жүгіріп өтті. Желаяқтар  мен оларды  қолдап келген қонақтардың барлығы дерлік спорт мерекесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Нұрдәулет Манасов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Kaspi.kz – ең мықты компаниялардың бірі. Сіздерге көп -көп рахмет. Осындай Алматы марафонынының демеушісі болғандарыңызға.

Нұрым Алтынбай, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Трассаның кейбір жерлерінде қиын подъем болғандықтан. Адамдар мен атмосферасы жақсы жүгіргенде адамдарға қарап, оңайырақ болады.  Марафонға 4 жыл қатарынан әр жыл сайын келемін. Адамдар ұнайды атмосфера күшті, мотивация береді.

Жүгірушілер классикалық марафон, жартылай марафон, скандинавиялық жүріс, спутник жүгірісі сияқты жарыстарда мүмкіндігін сынап көрді. Корпоративтік командалар үшін «Экиден» эстафетасы ұйымдастырылды. Kaspi спорттық шараға демеушілік жасаумен қатар, өздерінің қызметкерлері де марафонға қатысып белсенділік танытты.

Диас Жұмашев, Kaspi.кz қызметкері:

- Мен жалпы осы «Kaspi.kz» компаниямыздың қолдауының арқасында 2017 жылдан бері қатысып келемін.  8 жылдан бері жыл сайын келіп отырмыз. Бізді тек Алматы қаласы емес, бүкіл Қазақстаннан қатысушыларды шақырады «Kaspi.kz» компаниясы. Елдің түкпір-түкпірінен – Алматы, Қарағанды, Батыс, Шығыс – барлығы келіп, өз бақтарын сынайды. Мен өзім Абай облысы, Семей қаласынан келіп отырмын.

Камал Бекжан, Kaspi.кz қызметкері:

- 10 шақырым жүгірген болатынмын. Осы тамыз айынан бастап дайындықты бастадым, арнайы осы Марафонға қатысамын деп. Жеткен уақытым көңілімнен шықты. Рахмет Kaspi.kz басшылығына, рахмет айтамын. Осы іс-шараға атсалысып қатысқаным үшін. Өте керемет шара деп есептеймін, рахмет.

Айта кетейік, жарысқа  ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар да қатысты.  Олар үшін қысқа қашықтық белгіленді. Осының барлығы балалардың марафон атмосферасын сезіну үшін жасалды. 

Елена Кузембаева, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығының директоры:

- Мы очень ждали это мероприятие. Бұл күнді асыға күттік. Біздің  тәрбиеленушілеріміз үшін бұл сегізінші марафон. Олардың қуаныштан бал-бұл жанған жүзін  көру біз үшін үлкен бақыт. Жыл сайын қатысып  мүгедектер арбасымен 10 шақырымды бағындырамыз. Ұйымдастыру жағында мін жоқ. Барлығы ойластырылған. Өте жақсы  марафон үшін көп рахмет, біздің ұл-қыздар келесі жарысқа да  міндетті түрде қатысады.

Марафонды ұйымдастырушылар осылай қалың көпшілікке спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді. Kaspi.kz  бұл игі істі арығарай жалғастырады. Шараға қатысушылардың ешқайсысы ескерусіз қалған жоқ.  Барлығына бірдей сыйлық пен естелік медаль табысталды. 

Авторлар: Қарлығаш Қайыпбекова, Сержан Жұмабаев.