Осы аптада футболдан ұлттық құрамалар әлем чемпионатының кезекті іріктеу тур ойындарын өткізеді. Қазақстан құрамасының қарсыласы - Лихтенштейн. Лихтенштейнді ерінбегендердің бәрі ұтып жүр. Бес ойында 19 гол жіберіп әлі бірде-бір доп соқпаған жалғыз команда осы. Бұл ойында Қазақстан құрамасы 3 ұпай алуға міндетті. Бірақ жолдамадан күн ерте күдер үзгенбіз. Десе де қалған екі ойында жігіттер аянып қалмауы тиіс. Ұлттық құрама тізгінін тағы да Талғат Байсуфинов ұстады. Бірақ уақытша. Талғат Маруанұлы команданы Лихтенштейн мен Солтүстік Макдонияға қарсы дайындайды. Одан кейін Қазақстан құрамасын шетелдік маман жаттықтырады деген сыбыс бар.Өзбек футболшыларын енді Фабио Каннаваро жаттықтырады
52 жастағы маман Өзбекстан футбол қауымдастығымен 1 жылдық келісімшартқа отырды. Футболшы Каннавароны білмейтіндер кемде-кем. Бір кездері Италия құрамасының және Интер мен Ювентус және Реал секілді командалардың сапында жасындай жарқылдаған тасқамал қорғаушы алтын допты да жеңіп алғанын жұрт жақсы біледі. Бірақ бапкер Каннавароның аяқ алысы белгісіз. Қытай мен Сауд Арабиясында қызмет етті. Одан кейін аз ғана уақыт Загребтің Динамосын жаттықтырды. Бірақ биік белестерді бағындыра алған жоқ. Енді Өзбектерді әлем біріншілігіне дайындайды. Ал ұлттық құраманы мундиальға шығарған Тимур Кападзе мен Словениялық Сречко Катанецке алғыс айтып шығарып салды. Каннавароның келісімшарты әлем чемпионаты аяқталғанша. Осы уақыт аралағында италиялық маман 4 миллион еуроға жуық табыс табады деген ақпар бар.