Дастан Сәтпаев «Лихтенштейнге» қарсы ойынға қатыспайтын болды. Спорт жаңалықтары

  • 15
  • 09.10.2025, 19:36

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Ватерполдан Қазақстан ерлер құрамасы топтық турнирде тамаша нәтиже көрсетті. Су добы шеберлері 4 ойын өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Осылайша өз тобында бірінші алған жерлестеріміз енді ширек финалда Өзбекстан құрамасымен кездеседі.

Сәтпаев сырт қалды

Ертең Қазақ елінің футболшылары әлем біріншілігінің кезекті іріктеу тур ойындарын Астана Аренада «Лихтенштейнге» қарсы өткізеді. Талғат Байсуфинов бапкер жарамды деген жігіттердің барлығын қатарға қосты. О баста тізімде Қайрат ойыншысы Дастан Сәтпаевта болған. Бірақ ұлттық құрама дәрігерлерінің тексерісінен кейін мамандар Дастанға демалыс беруді жөн көріпті. Өйткені футболшының жарақат алып қалу қаупі басым. Осы маусымда Сәтпаев біраз кездесуде алаңға шықты. Алда әлі клубтық деңгейде бірнеше жауапты ойындар бар. 18 жастағы ойыншыға мұның бәрі ауыр болмақ. Сондықтан бапкерлер осындай шешім қабылдаған. Олда дұрыс шығар. Өйткені ұлттық құраманың алысқа бара алмасы түсінікті болды. Қалған екі ойында өзге жігіттердің де әлеуетін байқап көруге болады. Сол секілді Сергей Малый мен Дамир Қасабұлатта жарақатына байланысты алдағы ойындарға қатыспайды. Олардың орнына Әрсен Әшірбек пен Сағи Совет секілді жастар шақырту алды. «Лихтенштейнне»н кейін Қазақстан құрамасы Солтүстік Македонияға қонаққа барады.

Әзербайжанда ІІІ ТМД елдері ойындары мәресіне жетті.
 
13 елден келген 1600-ден аса үміткер спорттың 23 түрі бойынша бақ сынап жүлделі орындарды өзара бөлісті. Қазақ елінің спортшылары 10 алтын 24 күміс 48 қола жүлде иеленіп жалпы командалық есепте 5-ші сатыға тұрақтады. Бұл үздік нәтиже емес. Бұған дейін 2021 жылғы алғашқы ойындар кезінде Қазақстан құрамасы үздік үштіктен көрінген еді. Бұл жолы спорттың 6 түрінен ғана алтын бұйырды. Каратэ мен таеквондо және бокс пен нысана көздеу, сондай-ақ садақ ату мен күрес түрлерінен жерлестеріміз шың басына шыға алды. ТМД елдерінің ойындарына жастармен қатар Александа Ле, Данил Мұсабаев, Альмира Қанат және Досбол Шәміл секілді тәжірибелі спортшыларымыз да барған болатын. 

Шымкентте көкпардан ел біріншілігі жалғасып жатыр.

Тартысқа толы топтық кезең аяқталып, жартылай финалға жолдама алған 4 команда белгілі болды. Олар Жамбыл мен Қызылорда облысы, Шымкент пен Астана қаласының көкпаршылары енді өзара күш сынасады. Дәл қазір қай команданың топ жарарын дөп басып айту қиын. Өйткені жүлделі орыннан үмітті деген түркістандықтар алысқа бара алған жоқ. Десе де жанкүйерлер Нұрдәулет Момынов жаттықтыратын жамбылдықтар ешкімге дес бермейді деп отыр. Осы ел біріншілігінде маңғыстаулық Мансұр Жұмыров пен жамбылдық Ерғалым Жақсылық және Шымкент қаласының өкілі Асылжан Мамыт секілді көкпаршылар керемет өнерімен көпшіліктің айызын қандырды. Ұлттық біріншілік аяқталған соң мамандар клубтар арасындағы жарысты қолға алып отыр.