Енді ел назары Еуропа чемпиондар лигасына ауады

  • 18
  • 14.10.2025, 19:55

Алайда Қайрат жанкүйерлерінің көңілі жабырқаулы. Себебі сүйікті командасының ойынын көзімен көргісі келетіндер билет бағасын естігенде төбе шаштары тік тұрды. Яғни бір аптадан соң болатын Қайрат пен кипрлік «Пафос» арасындағы ойынның билет құны 30 мың теңгеден басталып, 250 мың теңгеге дейін екен.  Клубтың баспасөз қызметі бұл УЕФА-мен келісілген баға екенін айтыпты. Карольдік клуб келгенде жарайды кілең жұлдыздар дедік. Ал Қайратпен деңгейлес кипрлік командаға бағаны көтеріп сату түсініксіз. Арзан билет іздеп  Алматылық клубтың фанаттары кейде алаяқтарға да алданып қалып жатады. Сондықтан ресми билет сатушы сервис Freedom Ticketon компаниясы алыпсатарлармен күресті күшейту үшін жұмысты жетілдіріп жатқанын айтты. 

Азамат Атагелдиев, компанияның коммуникациялар жөніндегі директоры:

-Біздің негізгі мақсатымыз – ресми түрде, ресми бағамен және қолжетімді, ұйымдастырушылардың анықтаған бағасымен қоғамға билетті ұсыну. Қолданушымызға ыңғайлы болу үшін, алыпсатарлардың санын көп болмаса да азайту мақсатында өзіміздің арнайы бір шешімдеріміз бар. Бір ЖСН бойынша бір билет дегендей.