АҚШ-та параволейболдан жарыс өтіп жатыр. Спорт жаңалықтары

  • 11
  • 15.10.2025, 19:58

Дәл осы күндері АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында параволейболдан әлем кубогі жолындағы жарыс өтіп жатыр. Бұл олимпида мен әлем біріншілігінен кейінгі айтулы жарыстардың бірі. Дәстүрлі жарысқа әлемдік рейтінгінің көшбасшы командалары ғана яғни, айдарынан жел ескен 14 елдің өкілдері қатысып жатқанын айта кетейік. Волейболды отырып ойнау түрі елімізде қанатын кеңге жайып келеді. Осы жылы Азия чемпионы атанған ұлттық құрамамыз әлемдік рейтингіде үздік бестікке көтерілді. Мұхитттың арғы бетінде өтіп жатқан әлем кубогында жерлестеріміз қарсыластарына бет қаратар емес. Франция мен Италияны, Польша мен Канаданы сан соқтырған Бауыржан Тахауовтың шәкірттері жеке да көш бастады. Ертең Қазақ елінің құрамасы АҚШ және Таиланд құрамаларымен кездеседі. Айта кетейік бұл жарыста Лос Анджелес паралимпиадасына ұпай беретін маңызды жарыстардың бірі. 

Семсерші Ерлік Сертайға сенім арта түсті

Семсерлесу спорт түрінен соңғы жылдары ұлттық құраманың аяқ алысы жақсы. Қыз-жігіттеріміздің халықаралық жарыстардан қоржыны бос қайтып жүрген жоқ. Астанада аяқталған шпага мықтыларының жарысында да жерлестеріміз жерге қаратпады. Әсіресе жарыстың екінші күні ер мінез танытқан Ерлік Сертайға сенім арта түсті. «Ертайдың ендігі мақсат дүниежүзілік жарыстар да ел мерейін асқақтатсам»,– дейді.

Ерлік Сертай, семсерлесуден Қазақстан құрамасының мүшесі:   

-Қазір жаттығу жұмыстары қыза түсті. Көбіне аяққа көңіл бөліп жатырмыз. Өйткені үлкен жарыстарда жылдамдық қажет екенін жете түсіндік. Жаңадан келген бапкер жаттығу жұмыстарына да көптеген жаңашылдық енгізді. Бұл спортшылар үшін өте маңызды. Осы қарқынмен жалғастыра беретін болсақ алдағы уақыттары биік белестерді бағындырамыз деген үміт басым.     

Иә, семсершілер үшін осы жылдың өзінде бірнеше жауапты жарыс бар. Алдымен спортшыларымыз Ислам ойындарында бақ сынайды. Одан кейін Канада жерінде өтетін әлем кубогі жолындағы жарыс күтіп тұр. Ерлік Сертай қазір ұлттық құрама сапындағы тәжірибелі спортшылардың бірі. Енді шеберлігін шыңдап алдағы уақыттары шың басына шығуды жоспарлап отыр. Ерлік Сертайға сәттілік серік болсын дейміз. 

Швеция футболы: Йон Дал Томассон қызметінен кетті

Біз ғана емес, «шетелдік бапкердің керегі жоқ» деп шведттер де шулап жатыр. Осылайша халықтың үніне құлақ асқан осы елдің футбол басшылары Йон Дал Томассонды шығарып салды. Данияның аты аңызға айналған шабуылшысы осылайша Швеция құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Оған себеп те жоқ емес. Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Швеция ірілік таныта алмады. Ірілік былай тұрсын Косова еліне 2 мәрте және Швейцарияға ұтылған Йон Даль Томассан командасы көш соңында қалып қойды. Енді қараша айында екі ойын бар. Сары жейделілер алдымен Швейцарияға қонаққа барады, сосын Словенияны қабылдайды. Швеция құрамында осал футболшы жоқтың қасы. Тіпті шабулшы Александр Исак Еуропаның ең қымбат футболшыларының бірі. Одан бөлек Барселона мен басқа да Еуропаның еңселі клубтарында доп тебетін жігіттер бар. Бірақ шведттер қатарынан үш ойында қарсыластарының қақпасына бірде-бір гол соға алмады. Енді жергілікті жанкүйерлер Ларс Лагербактың қайтып оралуын сұрап отыр. Швед маманы қазіргі таңда Исландия құрамасында кеңесшілік қызметте жүр. 

Жандос Айтбай