Абай аренасында бокстан ересектер арасындағы ел біріншілігі өтіп жатыр

  • 13
  • 23.10.2025, 19:43

Қазақстан біріншілігінде үздіктер қатарынан көрінген былғары қолғап шеберлері ұлттық құрама сапына шақырту алды. Енді олар алдағы күндері болатын оқу-жаттығу жұмыстарына қатысып, дайындықтарын пысықтайды. Алда әлем кубогі жолындағы жарыс бар. Одан бөлек қыз-жігіттеріміз желтоқсан айында өтетін әлем чемпионатына қатысуы да мүмкін.

Абай облысы Семей қаласындамыз. Біздің артымызда 2019 жылы қолданысқа берілген замануи үлгідегі Абай Арена спорт кешені. Дәл осы жерде бокстан ересектер арасындағы ел біріншілігі өтіп жатыр. Ұлттық біріншілік Уорлд бокссинг ережесі бойынша ұйымдастырылды. Яғни қыздар мен жігіттерде 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Бұл жарысқа жастармен қоса тәжірибелі спортшыларда келіпті. Ендеше тартысты жекпе-жектерге куә боламыз деген ойдамын. 

Иә, бір апта бойы Абай арена керілген шаршы алаңда 400 ге жуық үміткер 20 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Ливерпульде өткен дүниежүзілік жарыста жүлделі болған қыз-жігіттердің барлығы ұлттық біріншіліктен босатылып жастарға мүмкіндік берілді. Содан да болар еліміздің түкпір-түкпірінен келген үміткерлердің басым көпшілігі бұған дейін жөсіпірімдер мен жастар құрамасында жүрген былғары қолғап шеберлері еді. Ерлер арасында 1 ғана салмақта жаңа чемпион шықты. Ол 85 келіде Ақтөбелік Дәулет Төлемісов болатын. Осы салмақта жүлдегер спортшылардың барлығы ересектер құрамасына енді келіп жатыр. Ал өзге салмақта бұған дейін ел чемпионатын бір емес бірнеше рет ұтқан тәжірибелі спортшылар мен жастар арасындағы әлемдік жарыстарда олжа салып жүрген мықтылар жеңімпаз атанды. 

Мырзағали Айтжанов, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:        

-Қыздар арасында көптеген жас боксшыларға ұлттық құраманың есігі ашылды. Яғни бірінші рет Қазақстан чемпионы атанған 21 жастағы Элина Базарова мен 20 жастағы Ұлжан Сәрсенбек, сондай-ақ Бақыт Сейдіш пен ең ауыр салмақтағы Валерия Аксеновалар ендігі жерде ересектер арасындағы халықаралық жарыстар да ел намысын қорғайды. Бірақ бұл жолы да қазылар судан құрғақ шыға алған жоқ. Яғни кейбір жекпе-жектерде төрешілердің шешімі түсінбестік тудырып біраз дау-дамайдың болғаны рас. 

Дәл осы Абай Аренада керілген шаршы алаң төрінде қаншама боксшының мұрны қанады, қабағы жыртылды, яғни қиян-кескі сұрапыл айқастарға куә болдық. Жастардың аяқ алысы көңіл қуантты. Ағаларының орнын басу үшін барын салды. Ал тәжірибелі боксшыларда ұлттық құрамадағы өз орнын сақтап қалу үшін барын салды. Енді осы шаршы алаңда жеңімпаз атанғандар ұлттық құрама сапына шақырту алады. Алдағы жарыстарда бапкерлер көзніе түсе білсе әлем тіпті Олимпиада ойындарынан баруы әбден мүмкін.  

Былғары қолғап шеберлі енді оқу-жаттығу жиынында бос қосып жыл соңындағы жауапты жарыстарға дайындықты бастайды.