Түркістанда қазақ күресінен Азия біріншілігі аяқталды. 11 елден келген 200-ге жуық үміткер екі күн бойы 16 салмақ дәрежесінде белдесіп жеңімпаздар белгілі болды. Жалпы командалық есепте жерлестеріміз топ жарды. Дегенмен қазақ күресін өзге елдің спортшылары да жетік меңгергенін осы құрлық жарысы көрсетті.
Мемлекет басшысы ұлттық спорт, соның ішінде қазақ күресінің дамуына да ерекше көңіл бөледі. Қазір осы бағытта қызу жұмыстар жүріп жатыр. Ең бірінші ауызбіршілік керек. Елімізде екіге бөлінген федерация қазіргі таңда қазақ күресі ассоциациясына бірікті және құрлық біріншілігі басталмай тұрып, Біріккен күресі әлемінің мақұлдауымен Азия қазақ күресі федерациясы құрылып, оның басшылығына үндістандық Хариш Тияги тағайындалды. Жаңа федерация жұмысының нақты нәтижелерін алдағы уақытта білеміз. Енді жарыстың өзіне келер болсақ, ерлер арасындағы 8 салмақтың жетеуінде жерлестеріміз жеңімпаз атанды. Тек 90 келіде тәжік палуаны Хақназар Назаров Азия чемпионы атанып еліне олжалы қайтты. Жылдан жылға қарсыластардың әлеуеті арта түскенін жеңімпаздардың өздері мойындап жатты.
Архат Баймұрзин, Азия чемпионы: -Қыздар арасында бәсекелестік жоғары болды. Өзбекстан мен Қырғызстан және Үндістан мен Тәжікстан елінің палуандары қазақ күресінің қыр-сырын әбден меңгеріп алған. Тіпті тәжірибелі деген палуандарымыздың өзін сан соқтырып жатты. Бұрымдыларымыз 8 салмақтың үшеуінде ғана алтыннан алқа тақты.
Айдана Хасенқызы, Азия чемпионы:
-Мамандардың басты мақсаты – қазақ күресін алдымен Азия ойындарының бағдарламасына кіргізу. Ол үшін осындай байрақты бәсекелерді жиі ұйымдастырып, еліміздің әр өңірі қазақ күресін дамытуды шындап қолға алуы тиіс.
Ғалымжан Худияров, облыстық спорт басқармасының басшысы:
-Азия біріншілігі аяқталысымен Түркістан төрінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы әлем кубогының жалауы желбіреді. 14 елдің қазақ күрес шеберлері енді екі күн бойы жүлделі орындарды өзара сарапқа салады.
Жандос Айтбай