46 келі салмақта Айдана Құмартаева мен 49 келіде Нодира Ахмедова араға 6 жыл салып, әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына медаль салып отыр. Жарыс қарсаңында жерлестеріміздің қоржыны бос қайтпауы тиіс дегенді айтқанбыз. Өйткені ел таеквондосының тізгінін ұстаған жас маман Құдірет Шамиев осы бір спорт түрін дамытуға шындап кірісті. Нәтижесі де көп күттірген жоқ. Бұл тек басы ғана деп білеміз. Негізі бағыт – Олимпиада ойындары. Айтпақшы, Олимпиада қарсаңындағы 2027-ші жылғы әлем чемпионаты Астана қаласында өтетіні белгілі болды.
Тағы бір жағымды жаңалық бар. Дүниежүзілік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоудың ұсынысымен Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Құдірет Игнатұлы өңірлік «Алтай таеквондо одағының» президенті болып сайланды. Осылайша Мұстафа Өзтүрік туын тіккен спорт түрі ел ертеңіне үлкен үміт сыйлап отыр.