Бұл ойынды қазақ жанкүйерлері демесеңіз, тиффозилер асыға тосып отыр деп айта алмаймыз. Өйткені жергілікті жанкүйерлер «Қайратты» қалпақпен ұрып аламыз деп отыр. Яғни «Интердің» жеңісіне сенімді. Дәл қазіргі уақытта шындығы сол. «Интер» мен «Қайраттың» шама деңгейі салыстыруға келмейді. Дегенмен доп домалақ болған соң, үміт те жоқ емес.
Ел чемпиондарының көңіл күйі жақсы. Артқа қарап алаңдайтын ештеңе жоқ. Алаңға шыққан соң ойнау керек. Оны Рафаэль Оразбахтин шәкірттері жақсы біледі деген ойдамыз. Ал «Интерге» де үш ұпай маңызды. Сондықтан Кристиан Киву шәкірттері бірінші кезекті жеңісті ойлайды. Дегенмен бас бапкер белді ойыншыларына демалыс беріп, қосалқы құрамдағы кейбір жігіттерге мүмкіндік беріп жатса оған да таңқалмаймыз. Өйткені миландық клубтың сапындағы кез келген футболшының «Қайрат» қақпасына гол соғуға шамалары жетеді.