ӘЧ-2027: Қазақстанның қарсыластары белгілі. Спорт жаңалықтары

  • 8
  • 05.11.2025, 19:53

Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі. Бұрымдыларымыз Белоруссия және Армения футболшыларымен бірге С тобына түсті. 2027-ші жылғы әйелдер арасындағы әлем біріншілігі Бразилияда өтеді. Бұл сынға 32 команда қатысады деп жоспарланып отыр.

Уефа туы астында сынға түсетін құрамаларға 11 жолдама қарастырылған. Яғни жерлестеріміз әлемдік мундиальға баруды көздесе, алдымен топта жеңімпаз атануы тиіс. Одан кейін плей-офф кезеңінде азулы құрамалармен қосымша жолдаманы сарапқа салады. Іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындар келер жылдың ақпан және наурыз айларында өтеді.