Астанада паралимпиадалық боччадан ҚР Кубогі үшін жарыс өтіп жатыр

  • 7
  • 12.11.2025, 19:43

Астанада жылдың басты спорттық сайыстарының бірі паралимпиадалық боччадан Қазақстан Республикасының Кубогы үшін жарыс өтіп жатыр. Елордадағы «Аспан» спорт кешенінде 8 корт жасақталып, алғаш рет алаң саны бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді. Еліміздің 15 өңірінен келген параспортшыларға Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қолдау білдірді. Жарыс 14 қарашаға дейін жалғасады. 11-14 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 15 жастан асқан ересектер жеке, жұптық және командалық сайыстар бойынша бақ сынайды.