Алматыда жасөспірімдер арасындағы тоғызқұмалақтан ІІ Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Биылғы додаға 21 мемлекеттен 180 жас спортшы келді дегенді айтқанбыз. Классика, рапид және блиц бойынша бақ сынап жатқан үміткерлер арасынан дәл қазір кімнің топ жарарын дөп басып айту қиын. Өйткені бәсекелестік өте жоғары. Дегенмен Аяна Абай секілді тәжірибелі спортшылар әзірше ұпай жоғалтқан жоқ. Бұл шараның басты мақсаты, қазақ халқының терең ойлау мәдениеті мен даналығын көрсететін ұлттық мұраны әлемдік аренада насихаттау. Дүниежүзілік жарыс 6 күнге созылады. Жеңімпаздар мен жүлдегелер бағалық сыйлықтармен марапатталады. Бағдадтағы тартысты матч: Ирак қосымша уақытта жеңісті жұлып алды
Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі тәмам. Айдарынан жел ескен мықтылар дүниежүзілік доп додасына жолдама алды. Енді олар дайындық жұмыстарына кіріседі. Ал іріктеуде жолы болмай қалған кейбір құрамалар көктемде құрлықаралық қосымша жолдаманы сарапқа салатын мүмкіндік бар. Азиядан осы плей-офф кезеңіне шығу үшін Ирак пен Біріккен Араб Әмірліктері өзара екі ойын өткізді. Абу-Дабиде өткен алғашқы ойында қарсыластар 1:1 есебімен тең түскен еді. Кеше Бағдад қаласында өткен қарымта ойында стадионда ине шаншыр орын болған жоқ. Жанкүйерлер алдында жігіттер жан аянып қалсын ба, алғашқы минуттан соңғы секундқа дейін бар күштерін сарқыды. Дәл осы алаң иелеріне сәттілік серік болды. Олай дейтініміз Кайо сеп ашқан соң Араб футболшыларына есепте еселейтін тамаша мүмкіндік болған. Алайда Николас Хименес соққысы маңдайшадан қайтты. Моханад Али кездесудің 66-шы минутында таразы басын тең қылды. Осылайша жеңімпаз қосымша уақытта анықталды. Кездесудің 107-ші минутында варға жүгінген төреші Араб Әмірліктерінің қақпасына 11 метрлік айып добын белгіледі. Амир Аль Аммари пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Ирак енді көктемде континентаралық жарыста жолдама үшін тағы да тер төгеді.
Дэвис кубогы: Бельгия ширек финалда Францияны жолдан тайдырды
Жақында ғана Италияның Турин қаласында теннистен жылдың қорытынды турнирі өткен болатын. Енді осы елдің Болонья қаласында Дэвис кубогінің ширек финалдық ойындары ұйымдастырылды. Бельгия мен Франция құрамалары кездесіп бар мәселе алғашқы екі ойында шешілді. Алдымен кортқа Корантен Муте мен Бельгиялық Рафаэль Коллиньон шықты. Ойынды тәп-тәуір бастаған Француз теннисшісі бірінші сетті өз пайдасына шешкен. Үзілістен кейін ойын тізгінін қарсыласына беріп қойды. Рафаэль қатарыан екі сетте 7:5 есебімен басым түсті. Одан кейін кейін үш жолақты елдің намысын Артур Ридеркнех қорғаса, Бельгия туын Зизу Бергс көтеріп шықты. Ойын екі сетқа созылды. 6:3 7:6 есебімен жеңіске жеткен Зизу командасын жартылай финалға шығарды. Бельгия Дэвич кубогының жартылай финалына соңғы рет 2017 жылы шыққан екен. Енді олар Италия мен Австрияның қай жеңгенімен финалдық жолдамаға таласады.