Ислам ынтымақтастық ойындары: Қазақстан жетінші орында

  • 5
  • 21.11.2025, 20:00

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындары бүгін аяқталады. Осымен 6-шы мәрте ұйымдастырылған байрақты бәсекеде барлығы 53 елдің спортшылары жүлде алды. Жалпы командалық есепте сан мен сападан да түріктерге тең келер ешкім болмай тұр. Алтындарының өзі 237 медаль. Ал Қазақстан құрамасы жетінші сатыда. Қоржынымызда 42 алтын, 36 күміс, 56 қола жүлде бар. Қуантарлығы жеңіс тұғырынан көрінген қыз-жігіттеріміздің басым көпшілігі жастар және жүлде біз күтпеген жақтан да келіп жатты. Дегенмен әттегенайлар да аз болған жоқ. Кейбір тәжірибелі спортшыларымыз мамандар сенімін ақтай алмады. Жарыстың соңғы күндері семсерші қыз-жігіттер мен палуандар керемет нәтижелерге қол жеткізді. 

Дэвис кубогі: жартылай финалистер анықталды

Теннистен жылдың қорытынды жарыстары өтіп жатыр. Бір апта бұрын жекелей сында Италия теннисшісі Янник Синнер топ жарған еді. Енді командалық Дэвис кубогі жолындағы жарыста кім жеңеді деген сауал күн тәртібінде тұр. Италияның Болонья қаласында өтіп жатқан сайыстың ширек финалдық кезеңі аяқталды. Яғни жартылай финалға шыққан 4 мықты белгілі. Олар Италия мен Бельгия және Германия мен Испания. Немістер кеше Аргентинамен болған тартысқа толы ойныда табандылық танытып жеңісті жұлып алды. Германия құрамасына Александр Зверев қол ұшын берді. Ян Леннард Штруф Томас Эччевериге есе жіберген соң неміс жанкүйерлері Зверевтен үміт күтті. Тәжірибелі теннисші жауапты сәтте жинақылық танытып таразы басын теңестірген. Осылайша жеңімпаз команда жұптық ойында аяқталды. Үш сетқа созылған сұрапыл ойныда Кевин Кравиц пен Тим Пюц 4:6 6:4 7:6 есебімен басым түсті. Бүгін Италия мен Бельгия құрамасы жартылай финалда жолықса, Германия пен Испания сенбі күні кортқа шығады.