Генадий Головкин World Boxing ұйымының тізгінін ұстады. Спорт жаңалықтары

  • 1
  • 24.11.2025, 19:57

Осылайша World Boxing құрылғалы, яғни 2023-ші жылдан бері осы ұйымның президенті болып келген Борис Ван дер Ворстың орнына Генадий Головкин келді. Бұрын-сонды олимпиадалық спорт түрінен қазақстандық мамандар үлкен ұйымдарды басқармаған екен. Әлемдік спортта Головкиннің абырой беделі бар.  Әуесқой және кәсіпқой бокста талай биікті бағындырған жерлесіміз сөз жоқ  мықты спортшы болды. Енді маман ретінде де мықтылар қатарынан көрінеді деген үміттеміз.

Генадий Головкин, World Boxing ұйымының президенті:

- Ауызбіршілік болған жерде алынбайтын қамал жоқ. World Boxing ұйымының абройын арттыру үшін алдағы уақыттары жұмыла жұмыс жасау керекпіз. Сөзбен емес, бәрін іспен дәлелдеп, әлем сенетін мықты ұжым болуға тиіспіз. Олимпиадалық құндылықтарды құрметтей отырып, үлкен додаларда адалдық пен тазалықты ту ететін боламыз. Ең бірінші кезекте спортшылар үшін қызмет етеміз. Маған сенім артқан барлықтарыңызға шын ризашылығымды білдіремін.

Алғашында ұйымның тізгінін ұстауға украиналық Владимир Кличко мен грекиялық Харис Мариолистер де үмітті болған. Алайда сайлау таяған тұста олар үміткерліктен бас тартты. Ал World Boxing тізгінін қолға алған жерлесімізге сәттілік серік болсын дейміз.