Данияда «Қайрат» «Копенгагенге» қарсы ойнайды. Спорт жаңалықтары

  • 39
  • 26.11.2025, 20:00

Қазақ футболының жанкүйерлері көгілдір экранға көз тігеді. Санаулы уақыттардан кейін Алматының «Қайраты» Еуропа чемппиондар лигасындағы кезекті ойынын Данияда жергілікті «Копенгагенге» қарсы өткізеді. Оразбахтин шәкірттері олжалы қайтуы мүмкін бе? Әлбетте! Өйткені екі команданың деңгейі шамалас. Турнирлік кесте де көш соңында келеді. «Копангагеннің» қорғаныс шебінде олқылықтар көп. Яғни шабуыл өтіндегі жігіттер мүмкіндікті мүлт жібермеуі керек. Алматылықтар алдыңғы шепте ғана емес қорғаныс шебінде де сауатты ойнауы тиіс. Оны «Қайрат» ойыншылары жете түсінетіні анық. Бір ғана мәселе бар. Біздің жігіттер де ойын тәжірибесі жетіспейді. Яғни үш аптадан бері ресми кездесулер болған жоқ. Дегенмен Рафаэль Оразбахтин командасы тыңғылықты дайындық жүргізді деген ойдамыз. Ендеше «Қайратқа» сәттілік серік болсын дейміз. 

 Жандос Айтбай