Астанада футболдан студенттер лигасы мәресіне жетті. Спорт жаңалықтары

  • 3
  • 28.11.2025, 19:55

Биылғы маусымға еліміздегі 13 жоғарғы оқу ордасынан командалар қатысып, іріктеуден іркілмей өткен мықтылар финалдық кезеңде бақ сынады. Бас жүлдені Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің командалары сарапқа салған болатын. Бұл ойында елордалықтар 5:0 есебімен жеңіске жетіп чемпион атанса, қола медаль Астана ИТ Университетінің студенттеріне бұйырды. Енді жарыс жеңімпаздары Еуразия ұлттық университеті 2026 жылы наурыз айында өтетін халықаралық жарыста ел намысын қорғайды. Студенттер лигасын Қазақстан Футбол федерациясы мен Ғылым және білім министрлігі бірлесе ұйымдастырған болатын.

Жандос Айтбай