Үлкен «Қайрат» тұңғыш рет десек, футзалшылар осымен 21-ші маусымын өткізіп жатыр. Сәйкесінше, екеуінің де нәтижесі бір-біріне ұқсамайды. Тәжірибелі Қайрат футзал командасы жүлделі орыннан дәмелі. 1/8 финалда алматылықтардың жолы Бельгияның «Андерлехт» командасымен түйісіп, жерлестеріміз сырт алаңда 7:3 есебімен жеңіске жеткен болатын. Енді қарымта ойын 5-ші желтоқсан күні Балуан Шолақ спорт сарайында. Ірі есеппен жеңіске жеттік екен деп алматылық клуб арқаны кеңге салып жатқан жоқ. Қарымта ойынға тыңғылықты дайындық жүргізуде. Белді ойыншылардың бірі аргентиналық легионер Кевин Ариета Италияға кетті.
Енді қысқы трансферде «Қайрат» тағы екі тәжірибелі ойыншыны алдыруды жоспарлап отыр. Айтпақшы Уефаның жаңартылған соңғы рейтингілік кестесінде «Қайрат» үшінші орынға көтерілді. Ал осы мауысмымда 5 гол соққан Біржан Оразов чемпиондар лигасының сұрмергендер тізбегінде алғашқы үштікте келеді. Жарақатынан айығып «Андерлехтпен» болған алғашқы ойында гол соққан Дәурен Тұрсағұлов осы жолы да аянып қалмаймын деп отыр.
Дәурен Тұрсағұлов, «Қайрат» командасының ойыншысы:
Қайрат қарымта ойында қателікке бой алдырмаса, келесі кезеңде Испанияның «Картахенасымен» кездесуі мүмкін.