Жүлде қоры 50 миллион теңге. Жыл бойы іріктеу жарыстары швейцариялық жүйеде өтіп, мықтылар анықталды. Әрбір кезеңде шахматшылар бағалы сыйлықтармен қатар, рейтингтік ұпайлар үшін де таласты. Ерлер мен әйелдерге бөлек кесте жасалған. Финалдық кезеңге 24 шахматшы шыққан. Тең жартысы әйелдер. Олардың арасында ұлттық құрама мүшелері және шетелден шақырылған ойыншылар бар. Сондықтан бәсеке тартысты болмақ. Ерлер финалында Адитья Миттал, Арам Акопян сынды мықтылар бақ сынайды. Ал әйелдер арасында Алина Бивол, Әмина Қайырбекова, Мариам Мкртчян бас жүлдеден үмітті.
Қазыбек Нөгербек, 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионы:
-Қарсыластарым қиын. Әрине бұл бірінші ойындағы қазіргі қарсыласым Алексей Гребнев өте мықты. Рейтинг фавориті осы турнирде және басқа мықты гроссмейстерлер бар. Шетелден келді. Біздің қазақстандық шахматшылардан айтсам Даниал Сәпенов қазір өте мықты. Жас талант.