«Қайрат» пен «Олимпиакос» кездеседі

  • 10
  • 09.12.2025, 18:59

Алматылық «Қайрат» чемпиондар лигасы аясында грекиялық «Олимпиакосты» қабылдайды. Қос команданың кездесуі Астана арена стадионында сағат 20:30-да басталады. Ойынды жанкүйерлер асыға күтіп отыр. Ал бұған дейін екеуі де жаттығу жиындарын өткізіп үлгерді. Сарапшылар кездесудің қорытындысын болжау қиын екендігін айтып отыр. Себебі «Қайрат» та, «Олимпиакос» та осал емес. Дегенмен жасанды алаң біздің ойыншылар үшін ұтымды сәт болар деп топшылайды. 

Асқар Хамиден, сарапшы:

Олимпиакосқа» қарсы кездесу «Қайрат» үшін тағы бір сынақ болады. Оның үстіне Дастан Сәтбаев кездесуге қатыспайды командағы көшбасшы ойыншылардың бірі. Сондықтан осы тұрғыдан алағанда өте күрделі матч болатыны сөзсіз. 9 жыл бұрын Астана «Олимпиакоспен» Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған. Ол кезде Астана аренада 2-2 есебі тіркелген.

Шыңғыс Сенғажин, спорт журналисі:

Олимпикос» осы күнге дейін кездескен қарсыластарға қарағанда өте мықты басым қарсыластардың бірі. Көбісі «Реалмен» салыстырады. «Қайрат» сырт алаңда кездескен «Интер» мен «Олимпиакостың» деңгейін қарайтын болсақ, «Олимпикос» басымырақ.

Дәл қазір қос клубтың арасын 2 ұпай ғана бөліп тұр. 5 турдың қорытындысы бойынша «Қайрат» 1 ұпаймен 35-ші орында. «Олимпиакос» 2 ұпаймен 33-ші сатыға жайғасқан.