Жұрт жаңа жылды күтіп жүрсе, боксшы қыздарымыз қызу жұмыс жасап жатыр. Дәлірек айтсақ, Елдос Сайдалин шәкірттері қазіргі уақытта Түркістанда тер төгіп жүр. Енді 21 күн бойы осы жерде бұрымдылар дене дайындық жұмыстарын пысықтайды. Одан кейін қаңтарда Алматы облысында кешенді жаттығу жиынын өткізу жоспарланып отыр. Ары қарай қазақ қыздары Кәрі Құрлықтағы бірнеше турнирге қатысады. Ал ең негізгі жарыс күзде Жапонияның Нагоя қаласында өтетін азия ойындары болмақ. Сәйкесінше, 2026 жыл бойы жасалатын жаттығулар мен қатысатын бәсекелер жоғарыдағы кешенді жарысқа дайындық есебінде жүреді. Жалпы 2025 жыл боксшы қыздар үшін өте сәтті болды. «Алдағы жылы осы қарқынды жоғалтпай, осы биіктен көрінуге тырысамыз», - дейді ұлттық құраманың бас бапкері.