Әбиба Әбужақынова бастаған дзюдошылар Париж гранд-слеміне қатысады. Жапон жекпе-жегінің шеберлері 2026 жылға жоспарды бекітті. Ұлттық құрама өкілдері үшін ең алғашқы жарыс ақпан айында Франция астанасында өтетін әлемдік алман болмақ. Оған 8 спортшымыз аттанады. Оның ішінде әйелдер арасында жалғыз жеңіл салмақтағы Әбиба Әбужақынова бар. Ерлер арасында, Шерзод Давлатов, Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев, Абылайхан Жұбаназар, Айдар Арапов, Нұрлыхан Шархан және Марат Байқамұров бақ сынайды. Бұл тізімде Елдос Сметов жоқ. Олимпиада чемпионы жақында ғана дайындық жұмыстарын бастаған болатын. Жарыстарға қашан араласатыны әзірге белгісіз.